Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
52-бап. Басқа пайшылардың үлестi сатып алудан бас тартқан кезiнде селолық тұтыну кооперативi пайшысының үлесiн сату



Ст. 52 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысымен селолық тұтыну кооперативiнiң пайшыларына өз үлесiн үшiншi тұлғаларға сатуға тыйым салуы немесе шек қоюы көзделуi мүмкiн (мысалы, үлестi кооперативтiң тек басқа пайшысына не үшiншi тұлғалардың шектеулi тобына сату). Бұл орайда сату осындай тыйым салу мен шектеулер сақтала отырып жүргiзiлуге тиiс. 

2. Үлестi сату сатушының еркiнен тыс мән-жайлар бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген тыйым салу немесе шектеулер сақтала отырып жүргiзу мүмкiн болмаған реттерде үлесiн сатқысы келетiн пайшы осы үлестi сатып алуды немесе оны үшiншi тұлғаға сатуға рұқсат берудi талап етiп, селолық тұтыну кооперативiне жүгінуге құқылы. 

Осы нұсқалардың бiрiн таңдауды кооператив пайшыларының жалпы жиналысы жүргiзедi. 

3. Селолық тұтыну кооперативi үлестi сатып алған кезде үлестiң бағасы тараптардың келiсiмiмен, ал келiсiмге келе алмаған жағдайда сот арқылы белгiленедi. 

4. Үлестi үшiншi тұлғаға сатуға селолық тұтыну кооперативi келiскен жағдайда кооператив пайшысы үлестi сатып алуға басым құқығын сақтап қалады.

Статья 1 ...50 51 52 53 54 ...73 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 52-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы