Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
53-бап. Пайшының үлесiн селолық тұтыну кооперативi сатып алуының салдары



Ст. 53 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Пайшының үлесiн селолық тұтыну кооперативi сатып алғаннан кейiн, сондай-ақ пайшының үлесiн кооператив тараптардың келiсiмi бойынша сатып алғаннан кейiн кооператив басқа пайшыларға осы үлестi селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) шешiмiмен белгiленген баға бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi. 

2. Үлестi сатып алуға бiрнеше пайшы ниет бiлдiрген жағдайда үлес олардың арасында селолық тұтыну кооперативi мүлкiндегi үлестерiне бара-бар мөлшерде бөлiнедi. 

Пайшы сатып алған үлес мөлшерi осы пайшыға сатып алғанға дейiнгi тиесiлi үлес мөлшерiне қосылады. Бұл орайда кооперативтiң бiр пайшысына тиесiлi болуы мүмкiн үлес мөлшерiн шектеу мүмкiндiгi сақталады. 

3. Селолық тұтыну кооперативi жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) шешiмiмен кооператив атынан сатып алынған үлестi үшiншi тұлғаға сатуға құқылы.

Статья 1 ...51 52 53 54 55 ...73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 53-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы