Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
57-бап. Селолық тұтыну кооперативтерiнiң қосылуы, бiрiгуi



Ст. 57 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Екi немесе бiрнеше селолық тұтыну кооперативтерiнiң қосылуы осы кооперативтер мүлкiнiң толық бiрiктiрiлуi жолымен жүзеге асырылады. 

Қосылу нәтижесiнде жаңа кооператив пайда болады, ал қосылған кооперативтердің жұмысы тоқтатылады. Бұл орайда кооперативтердiң қосылуына әрбiр қатысушының барлық құқықтары мен мiндеттерi өткiзу актiсiне сәйкес жаңадан пайда болған кооперативке ауысады. 

2. Бiр немесе бiрнеше селолық кооперативтiң басқа селолық тұтыну кооперативiне бiрiгуi бiрiгетiн кооператив мүлкiнiң бiрiгушi кооперативтер мүлкiне енгiзiлуi жолымен жүзеге асырылады. Бұл орайда бiрiгетiн кооперативтердiң қызметi тоқтатылады, ал олардың барлық құқықтары мен мiндеттерi өткiзу актiсiне сәйкес бiрiгушi кооперативке ауысады, оның жарғысына қайта ұйымдастыруға байланысты өзгерiстер енгiзiледi. 

3. Қосылуға, бiрiгуге қатысушы селолық тұтыну кооперативтерiнiң атқарушы органдары қосылу, бiрiгу туралы шарттың жобаларын әзiрлейдi және әр кооперативтің жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) қарауына қосылу, бiрiгу жөнiндегi және қосылу, бiрiгу туралы шартты бекiту жөнiндегi мәселелердi енгiзедi. 

Қосылу, бiрiгу туралы шарттың келiсiлген мәтiнiне кооперативтiң атқарушы органдары уәкiлдiк берген адамдар қол қояды. 

Қосылу, бiрiгу туралы шартта қосылуға, бірігуге қатысушы кооперативтердiң әрқайсысының фирмалық атауы, орналасқан жерi мен мекен-жайы туралы мәлiметтер, олардың баланстарының негiзгi деректерi болуға, сондай-ақ қосылудың, бiрiгудiң тәртiбi мен талаптары көзделуге тиiс. 

4. Қосылуға, бiрiгуге қатысушы селолық тұтыну кооперативтерiнiң әрқайсысы жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы) қосылу, бiрiгу туралы шешiм қабылдаған күннен кейiн екi ай мерзiмде өздерiнiң барлық кредит берушiлерiне қосылу, бiрiгу туралы жазбаша хабарлама жiберуге және ресми баспасөз органдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға (хабарландыруға) осы баптың 3-тармағында көрсетiлген қосылуға, бiрiгуге қатысатын басқа да кооперативтер туралы мәлiметтер тiркеледi. 

Кооперативтердiң кредит берушілерi хабарлама алынғаннан немесе хабарландыру жарияланғаннан кейiн екi ай мерзiмде кооперативтен қосымша кепiлдiктер не кооперативтiң тиiстi мiндеттемелерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуын немесе орындауын және залалдардың орны толтырылуын талап етуге құқылы. Талап кооперативке жазбаша нысанда жiберiледi, ал олардың көшiрмелерi кооперативтi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға табыс етiлуi мүмкiн. 

5. Қосылуға, бiрiгуге қатысушы селолық тұтыну кооперативiнің әрқайсысы жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) қосылу, бiрiгу туралы шешiмi қабылданған кезден бастап, бұл шешiм туралы шешiм қабылданғаннан кейiн туындайтын мiндеттемелер бойынша кредит берушiлерге хабарлауға мiндеттi. 

Кооперативтердiң қосылу, бiрiгу туралы шарттары негiзiнде қосылушы, бiрiгушi кооперативтердiң пайшылары жалпы жиналыста (уәкiлдер жиналысында) жаңадан құрылатын кооперативтiң жарғысын қабылдайды және кооперативтiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарын сайлайды.

Статья 1 ...55 56 57 58 59 ...73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 57-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы