Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
59-бап. Селолық тұтыну кооперативiн мәжбүрлеп бөлу, бөлiп шығару туралы сот шешiмiн орындамаудың салдары



Ст. 59 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Егер селолық тұтыну кооперативтерiнiң мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру кезiнде сот шешiмi бойынша бөлудi, бөлiп шығаруды жүргiзуге уәкiлеттi атқарушы органы кооперативтi бөлудi, бөлiп шығаруды сот шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот кооператив мүлкiне сенiм бiлдiрiлген басқарушы тағайындайды және оған осы кооперативтiң бөлiнуiн, бөлiнiп шығарылуын қайта ұйымдастырылатын кооператив мүлкi есебiнен жүргiзудi тапсырады. 

2. Сенiм бiлдiрiлген басқарушы тағайындалған кезден бастап селолық тұтыну кооперативiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады, селолық тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдары өз қызметiн тоқтатады. 

3. Сенiм бiлдiрiлген басқарушы сотта селолық тұтыну кооперативiнiң атынан өкiл болады, бөлу балансын жасайды және оны кооперативтердiң бөлу, бөлiп шығару нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болатын кооперативтердi мемлекеттiк тiркеу үшiн негiздеме болып табылады.

Статья 1 ...57 58 59 60 61 ...73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 59-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы