Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
63-бап. Қауымдастықтың (одақтың) мүлкi



Ст. 63 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Қауымдастық (одақ) мүлкiнің меншiк иесi заңды тұлға ретiнде сол қауымдастық (одақ) болып табылады. 

2. Қауымдастықтың (одақтың) меншiгiнде қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң жарналары есебiнен құрылған мүлiк пен қауымдастықтың (одақтың) және олар құрған кәсiпорындардың, филиалдар мен бөлiмшелердiң кәсiпкерлiк қызметiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден алынған кiрiстер болады. 

3. Қауымдастық (одақ) мынадай қорларды: 

1) мүлiктiк; 

2) селолық тұтыну кооперациясын дамыту; 

3) резервтiк; 

4) қауымдастықтың (одақтың) жарғысына сәйкес өзге де қорларды құруы мүмкiн. 

4. Қауымдастықтың (одақтың) өз жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн шаруашылық серiктестiктерi, медициналық, бiлiм беру және өзге де мекемелерi, филиалдары мен өкiлдiктерi болуы және оларды құруы мүмкiн, сондай-ақ шаруашылық серiктестiктерi мен өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен өз құқықтарын жүзеге асыра алады. 

5. Қауымдастық (одақ) құрған мекемелердiң мүлкi оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiледi.

Статья 1 ...61 62 63 64 65 ...73 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 63-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы