Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
65-бап. Қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң өкiлдерi



Ст. 65 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң өкiлдерi қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланады және оларға қауымдастық (одақ) мүшелерi өкiлдерiнiң жалпы жиналыстарында барлық мәселелердi шешу өкiлеттiгi беріледi. 

2. Қауымдастық (одақ) жарғысында қауымдастық (одақ) мүшелерi өкiлдерiнiң дауыстарын, егер олар бiр селолық тұтыну кооперативiнен немесе қауымдастығынан (одағынан) сайланса, бiр-бiрiне беруi көзделуi мүмкiн. Бұл жағдайда қауымдастық (одақ) мүшесi өкiлiнiң қанша сенiмхаты болса, сонша даусы болады. 

3. Қауымдастық (одақ) мүшесiнiң өкiлi өкiл сайланған сол қауымдастық (одақ) мүшесi берген сенiмхат болған жағдайда өкiлдердiң жалпы жиналысына қатысуға жiберiледi.

Статья 1 ...63 64 65 66 67 ...73 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 65-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы