Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
70-бап. Қауымдастықты (одақты) қайта ұйымдастыру және тарату



Ст. 70 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Қауымдастықты (одақты) қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) қауымдастық (одақ) мүшелерi өкiлдерi жалпы жиналысының шешiмi және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша жүзеге асырылады. 

2. Қауымдастықты (одақты) қайта құру қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң барлық өкiлдерiнiң бiрауызды шешiмi бойынша жүргiзiледi. 

3. Қауымдастықты (одақты) тарату қауымдастық (одақ) мүшелерi өкiлдерi жалпы жиналысының шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де негiздер бойынша жүзеге асырылады. 

4. Қауымдастық (одақ) мүшелерi өкiлдерiнің жалпы жиналысы немесе қауымдастықты (одақты) тарату туралы шешiм қабылдаған орган тарату комиссиясын (таратушыны) тағайындайды және қауымдастықты (одақты) таратудың тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi. 

5. Қауымдастықты (одақты) тарату кезiнде оның кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкi қауымдастық (одақ) мүшелерiнің арасында құрылтай шартында белгіленіп, енгiзiлген мүшелiк жарналарына бара-бар бөлiнедi.

Статья 1 ...68 69 70 71 72 73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 70-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы