Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы
12-бап. Су пайдаланушылар кооперативiне мүшелiк



Ст. 12 Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404



1. Жүктелген аумақта жер учаскелерiн иеленушi (пайдаланушы) және гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын азаматтар мен заңды тұлғалар су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi бола алады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi кейiнгi жер пайдалану құқығымен пайдаланатын және гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар су пайдаланушылар кооперативiнiң қызметiне бастапқы жер пайдаланушы берген сенiмхаттың негiзiнде қатысады.

2. Су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшесi болып табылатын заңды тұлға осы кооперативте Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы өкiлдiк етуге тиiс.

3. Шаруа немесе фермер қожалығы атынан су пайдаланушылар кооперативiнде оның басшысының жеке өзi өкiлдiк етедi. Ауырып қалған немесе ұзақ уақыт болмаған жағдайда шаруа немесе фермер қожалығының басшысы шаруашылық мүшелерiнiң бiреуiне су пайдаланушылар кооперативiндегi өзiнiң мiндеттерiн орындауға уәкiлеттiк бере алады, ол жөнiнде су пайдаланушылар кооперативiнiң басқару органына жазбаша хабарлайды.

4. Жүктелген аумақ шекарасы шегiндегi су пайдаланушылар болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар жергілікті уәкiлеттi органның келiсiмiмен ғана су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi бола алады.

5. Мемлекеттiк мекемелер, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану, билiк ету құқығы берiлген мекемелердi қоспағанда, су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi бола алмайды.

6. Шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында су пайдаланушылар кооперативiн құруда және оның қызметiнде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және мiндеттер атқарады.

Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404