Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы

Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы
14-бап. Су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнiң мiндеттерi



Ст. 14 Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404



1. Су пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының Су кодексiнде және "Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негiзгi мiндеттерiнен басқа, су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi:

1) судың нормадан тыс ысырап болуына, сондай-ақ оның мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;

2) өз қызметiнiң нәтижесiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық жағдайдың және су жағдайының нашарлауына жол бермеуге;

3) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөнiндегi мiндеттемелердi орындамаудан немесе тиiсiнше орындамаудан туындаған шығындарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеуге;

4) өздерiнiң жер учаскелерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын жайластыру және олардың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында су пайдаланушылар кооперативi жұмыскерлерiнiң оларды пайдалана алуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттердi атқара алады.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...23 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404