Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы
15-бап. Тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығының тоқтатылуына байланысты су пайдаланушылар кооперативiндегi мүшелiктiң тоқтатылуы



Ст. 15 Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404



1. Жер учаскесiне, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығын жоғалтқан cу пайдаланушылар кооперативiнiң мүшесi осы кооперативтегi мүшелiгiн тоқтатады.

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығын жоғалтқан су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшесi бұл туралы су пайдаланушылар кооперативiнiң атқарушы органын хабардар етедi. Бұл хабарламаны су пайдаланушылар кооперативiнiң атқарушы органына жер учаскесiне, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығына ие болған тұлғалар да бере алады.

3. Су пайдаланушылар кооперативi мүшесiнiң жер учаскесiне, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығын жоғалтуына байланысты су пайдаланушылар кооперативiндегi мүшелiктiң тоқтатылуы су пайдаланушылар кооперативi атқарушы органының шешiмiмен ресiмделедi.

4. Жер учаскесiне, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығын жоғалтуына байланысты мүшелiгiн тоқтатқан су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшесiне осы Заңда белгiленген тәртiппен су пайдаланушылар кооперативiнiң мүлкiндегi оның мүлiктiк (пайлық) жарнасына барабар үлес бөлiнiп берiледi.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404