Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы

Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы
16-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы)



Ст. 16 Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404



1. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы) кезектi немесе кезектен тыс жиналыстар ретiнде шақырылады.

2. Су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшесi жалпы жиналысқа (уәкiлдер жиналысына) жеке өзi немесе өзiнiң өкiлi арқылы қатысуға құқылы.

Су пайдаланушылар кооперативi басқару органдарының мүшелерi, сенiм бiлдiрушiнiң өзi су пайдаланушылар кооперативi басқару органдарының мүшесi болып табылатын жағдайды қоспағанда, жалпы жиналысқа (уәкiлдер жиналысына) өкiл ретiнде қатысуға құқылы емес.

Сенiмхат негiзiнде басқа адам су пайдаланушылар кооперативi мүшесiнiң өкiлi болуға құқылы.

3. Су пайдаланушылар кооперативiнiң әрбiр мүшесi немесе оның өкiлi жалпы жиналыста (уәкiлдер жиналысында) бiр дауысқа ие болады.

4. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысымен су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнiң жалпы жиналыста (уәкiлдер жиналысында) төрағалық ету кезектiлiгi көзделуi мүмкiн.

5. Су пайдаланушылар кооперативi жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) шешiмi бойынша оған су пайдаланушылар учаскелерi мүшелерiнiң жиналыстарында уәкiлдiк берiлгендер, сайланғандар қатыса алады.

6. Жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы), егер су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында өзгеше көзделмесе, өзiнiң айрықша құзыретiне жатпайтын өкiлеттiктердi су пайдаланушылар кооперативiнiң атқарушы органына беруге құқылы.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...23 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404