Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы

Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы
17-бап. Су пайдалану учаскелерi мүшелерiнiң жиналысы



Ст. 17 Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404



1. Су пайдалану учаскесi су пайдаланушылар кооперативiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және өз қызметiнiң мәселелерiн жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) шешiмiмен немесе су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысымен көзделген көлемде ғана шеше алады.

2. Су пайдалану учаскесiн құру туралы шешiм су пайдаланушылар кооперативiнiң жалпы жиналысында (уәкiлдер жиналысында) қабылданады. Су пайдалану учаскелерiн құру туралы мәселенi жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) қарауына су пайдаланушылар кооперативiнiң атқарушы органы және (немесе) су пайдалану учаскелерiн құруға ниет бiлдiретiн мүшелерi енгiзуi мүмкiн.

3. Су пайдалану учаскесi мүшелерiнiң жиналысында су пайдаланушылар кооперативi қызметiнiң мәселелерi қаралады, сондай-ақ су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында айқындалатын тәртiппен және өкiлдiк нормалары бойынша су пайдаланушылар кооперативiнiң жалпы жиналысына (уәкiлдер жиналысына) қатысу үшiн делегаттар сайланады.

4. Су пайдаланушылар кооперативi су пайдалану учаскесi мүшелерiнiң жиналысы, егер оған су пайдалану учаскесi мүшелерiнiң кемiнде үштен eкici қатысса, заңды болып табылады.

5. Су пайдаланушылар кооперативiнiң су пайдалану учаскесi мүшелерi жиналысының шешiмi, егер оған су пайдалану учаскесi мүшелерiнiң жиналысына қатысып отырғандардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi.

6. Су пайдаланушылар кооперативiнiң су пайдалану учаскесi мүшелерi жиналысының шешiм қабылдау тәртiбi, дауыс беру нысаны (жасырын немесе ашық) осы жиналыста айқындалады.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...23 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404