Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы
21-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң атқарушы органы мүшелерiнiң қызметiн шектеу



Ст. 21 Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404



1. Су пайдаланушылар кооперативi атқарушы органының мүшелерiне:

1) жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) келiсiмiнсiз су пайдаланушылар кооперативiмен одан мүлiктiк пайда алуға бағытталған мәмiлелер (сыйға беру, қарыз, өтеусiз пайдалану, сатып алу-сату және басқа шарттарды қоса) жасасуға;

2) су пайдаланушылар кооперативi үшiншi тұлғалармен жасасқан мәмiлелер үшiн су пайдаланушылар кооперативiнен, үшiншi тұлғалардан комиссиялық сыйақы алуға;

3) үшiншi тұлғалардың су пайдаланушылар кооперативiмен қатынасында солардың атынан әрекет етуге немесе солардың мүдделерiн қорғауға;

4) су пайдаланушылар кооперативiнiң қызметiмен бәсекелесетiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген шектеулер су пайдаланушылар кооперативi атқарушы органы мүшелерiнiң жақын туыстары мен жекжаттарына да қолданылады.  
3-тарау. Қорытынды ережелер

Статья 1 ...19 20 21 22 23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404