Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы
8-бап. Су пайдаланушылар кооперативiн құру тәртiбi



Ст. 8 Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404



1. Су пайдаланушылар кооперативiн құру құрылтай жиналысын өткiзуден басталады және су пайдаланушылар кооперативiн заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеумен аяқталады.

2. Азаматтар су пайдаланушылар кооперативiнiң құрылтай жиналысын өткiзу және оның қарауына шығаратын құжаттардың жобаларын әзiрлеу жөнiндегi бастамашы топтарды құра алады.

3. Су пайдаланушылар кооперативiн бiрнеше елдi мекен азаматтары құрған жағдайда және (немесе) өзге де жағдайларда су пайдаланушылар кооперативiнiң құрылтай жиналысын әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi бастамашы топтар белгiлеген тәртiппен және нормалар бойынша су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелiгiне өткiсi келетiндер сайлаған уәкiлдердiң құрылтай жиналысы өткiзiлуi мүмкiн.

4. Су пайдаланушылар кооперативi, жүктелген аумақ су пайдаланушыларының кемiнде жартысы оның мүшелерi болған жағдайда бiр гидротехникалық құрылыс, құрылғы және жабдық шегiнде құрылуы мүмкiн.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404