Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұқым шаруашылығы туралы

Тұқым шаруашылығы туралы
11-бап. Тұқым шаруашылығы жүйесi



Ст. 11 Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385



1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесi - сорт алмастыру және сорт жаңарту мақсаты үшiн сорттардың шығарылуын, мемлекеттiк сорттық сынағын, жаппай көбейтiлуiн, тұқымдардың өндiрiлуiн, дайындалуын, өңделуiн, сақталуын, тасымалдануын, сатылуы мен пайдаланылуын, сорттық егiстердi байқаудан өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды, мемлекеттiк сорттық және тұқымдық бақылауды қамтамасыз ететiн, функционалдық жағынан өзара байланысты мемлекеттiк органдардың, ғылыми ұйымдардың, тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң жиынтығы.

2. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығы жүйесiне:

1) уәкілеттік орган мен оның аумақтық органдары;

1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;

2) тұқым өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, сату және тасымалдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын аттестатталған жеке және заңды тұлғалар;

 РҚАО-ның ескертпесі!

3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар кiредi.

Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385