Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14-1 Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Тұқым шаруашылығы туралы
14-1-бап. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

1. Жеке тұлғалар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткізу жөніндегі қызметті және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптаманы жүзеге асыру үшін хабарламамен бірге:

 1) байқаудан өткізушілер үшін – агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, тұқым сарапшылары үшін – агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (ауыл шаруашылығы), стандарттау және сертификаттау (ауыл шаруашылығы) мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің бар екенін;

 2) арнайы даярлықтан өткендігін (байқаудан өткізушілер үшін – байқаудан өткізушілер курстары);

 3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы (тұқым сарапшылары үшін) жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

 2. Байқаудан өткізушілер және (немесе) тұқым сарапшылары мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

 1) байқаудан өткізушілер үшін:

 агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;

 арнайы даярлығы (байқаудан өткізушілер курстары) туралы құжаттың болуы;

 2) тұқым сарапшылары үшін:

 агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (ауыл шаруашылығы), стандарттау және сертификаттау (ауыл шаруашылығы) мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;

 тұқым сапасына және екпе материалына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы құжаттың болуы.

 Ескерту. 4-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...13 14 14‑1 15 16 ...25

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться