Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұқым шаруашылығы туралы

Тұқым шаруашылығы туралы
20-бап. Тұқым сапасына кепiлдiктер



Ст. 20 Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385



1. Тұқым өткізушілер тұқымдардың сорттық және егу сапасы олардың сапасын растайтын iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiне кепiлдiк бередi.

2. Тұқымдардың сорттық және егу сапасы iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда тұқым өткізушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.

3. Сатып алынған тұқымдарға кепiлдiктер тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, ұлттық стандарттарда және басқа да нормативтiк құжаттарда белгiленген мерзiм iшiнде қолданылады.

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
5-тарау. Тұқымның сорттық және егу сапаларын
анықтау тәртібі

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385