Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұқым шаруашылығы туралы

Тұқым шаруашылығы туралы
21-бап. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық сапасын анықтау



Ст. 21 Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385



1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық сапасын анықтау нормативтік құқықтық актілерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес егiстердi байқаудан өткiзу, жерге егiп бағалау және зертханалық сорттық сынақтар арқылы жүргiзiледi және аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн мiндеттi болып табылады.

2. Тұқымдары тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң сатуына нeмece өздерiнiң тұқымдық егiстерiне пайдалануына арналған ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiне мiндеттi түрде байқау өткiзiлуге тиiс.

3. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарының бiрегей және элиталық тұқымдары жерге егiп бағалануға тиiс.

4. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарының кейiннен сатылуға арналған элиталық тұқымдары мен бiрiншi көбейтiлген тұқымдары зертханалық сорттық сынақтан өткiзiлуге тиiс.

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

22-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385