Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұқым шаруашылығы туралы

Тұқым шаруашылығы туралы
23-1-бап. Тұқымдарды кәдеге жарату және жою кезiндегi қауiпсiздiктiң жалпы талаптары



Ст. 23-1 Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385



1. Тұқымдық сараптау нәтижелерi бойынша мақсатына қарай пайдалану үшiн жарамсыз деп танылған тұқымдар техникалық регламенттерде белгiленген тәртiппен қосымша өңделуге, кәдеге жаратылуға және (немесе) жойылуға тиiс.

Сараптама жүргiзуге және оларды одан әрi пайдалану мүмкiндiгi немесе жою қажеттiгi туралы шешiм қабылдауға қажеттi кезеңде тұқымдар қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиiс.

2. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз тұқымдарды тасымалдауға, сақтауға, сараптауға, пайдалануға немесе жоюға байланысты шығындарды олардың иесi төлейдi.

Ескерту. 23-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 № 209 Заңымен.

Статья 1 ...22 23 23-1 23-2 23-3 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-1-бап Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385