Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұқым шаруашылығы туралы

Тұқым шаруашылығы туралы
4-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу



Ст. 4 Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385



Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

1) мыналарды:

тұқым шаруашылығы субъектілерін алғашқы аттестаттауды;

аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тұқым шаруашылығы субъектілерін:

бірегей тұқым өндірушілерді - бес жылда бір рет;

элиталы тұқым өсіру шаруашылықтарын - үш жылда бір рет;

тұқым өсіру шаруашылықтарын - үш жылда бір рет;

тұқым өткізушілерді - екі жылда бір рет;

 РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақшаның сегізінші абзацын алып тастау көзделген - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды - үш жылда бір рет;

тұқым шаруашылығы субъектілерін біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанасына аттестаттаудан кейін жыл сайын зерттеп-тексеруді қамтитын тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау;

1-1) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сұрыптық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алу;

2) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін жүргiзу;

3) тұқымның сорттық және егу сапасына мiндеттi сараптама жасау;

4) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк бақылау жүргiзу;

5) рұқсаттық бақылау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұқым шаруашылығы және селекция саласында ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тектiк қорын сақтау, дамыту және пайдалану жөнiндегi iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргiзу;

 7) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын бiрегей және асыл тұқымдар сұрыптары өндірісін, өткізуді және сатып алуды субсидиялау;

8) ауыл шаруашылық өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзудi, тұқымдардың, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасының сараптамасын мемлекеттiк қамтамасыз ету;

9) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

10) тұқым шаруашылығы саласындағы инвестициялық, кредиттiк саясатты қалыптастыру;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң мүдделерiн құқықтық жағынан қорғау;

12) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

13) алып тасталды

14) техникалық реттеу - саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi  - қауiпсiздiк) қамтамасыз ету;

15) тұқым шаруашылығы саласында қауiпсiздiкке қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетiн әрекеттердiң алдын алу арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209, 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385