Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы
1-1-бап. Күзет іс-шаралары



Ст. 1-1 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы



Күзет іс-шаралары - күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел-іздестіру және техникалық шаралардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.

Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жедел штабының басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан айқындайды.

Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде жүргізіледі.

Ескерту. Заң 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.07.04 № 335 Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 1-1 1-2 1-3 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-1-бап Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы