Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы
10-бап. Күш жұмсау, арнаулы құралдар, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдану шарттары мен шектерi



Ст. 10 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы



Ескерту. 10-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 N 233-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің қаруды, арнаулы құралдар тағынып жүруге, сақтау мен қолдануға, сондай-ақ күш жұмсауға құқығы бар. Олар арнаулы дайындықтан өтуге, күш жұмсауға, арнаулы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайларда iс-әрекетке жарамдылығы жөнiнен әлсiн-әлi тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкері және әскери қызметшісі, егер қорғанысы күзетiлетiн адамдарға, күзетілетін объектiлерге немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерінiң (әскери қызметшісінің) өз басына төнген қатердiң сипаты мен қаупiне сәйкес келсе, заңда көзделген жағдайларда күш жұмсауына, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануына байланысты келтiрген моральдық, материалдық залал мен дене жарақаты үшiн жауап бермейдi.  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінiң және (немесе) әскери қызметшілерінің өкiлеттiгiн асыра пайдаланып күш жұмсауы, арнаулы құралдар мен қаруды қолдануы заңда белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.  

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.07.04 № 335; 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы