Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы
12-бап. Арнаулы құралдарды қолдану



Ст. 12 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiнiң және әскери қызметшілерінің өздерi жарақтанған арнаулы құралдарды мынадай жағдайларда қолдануға құқығы бар:

1) күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi күзететiн үйлерге, ғимараттарға, үй-жайларға, басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты бұл объектiлер мен құралдар басып алынған жағдайда оларды босату үшiн;

3) атыс қаруын немесе суық қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, уыты күштi химиялық және улы заттарды заңсыз ұстап жүрген адамдарды қарусыздандыру үшiн;

4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелерiне не Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзет шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;

5) құқық бұзушыларды, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерiне немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, әскери қызметшілеріне қарсылық көрсеткен немесе өздерiне жүктелген қызмет мiндеттерiн жүзеге асыруына қасақана кедергi келтiрген адамдарды ұстау үшiн;

6) кепiлге алынған адамдарды босату, күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне және объектілерге қауiп төндiретiн жаппай тәртiпсiздiктердi, топтық әрекеттердi тыйып тастау үшiн;

7) егер күзетiлетiн адамдарға төнген анық қатерге басқа тәсiлдермен жол бермеу мүмкiн болмаса, жүргiзушiсi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерінiң және (немесе) әскери қызметшісінің талабын орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн.

Күзетiлетiн адам тұрған жаққа қарай, сондай-ақ жүктiлiгi бiлiнiп тұрған әйелдерге, мүгедектiгi айқын көрiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты, олар күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топталып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа кезде, арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң жарағындағы арнаулы құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.07.04 № 335, 2010.04.08 № 266-IV; 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы