Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы
13-бап. Қаруды қолдану және жауынгерлiк техниканы пайдалану



Ст. 13 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы



 Ескерту. 13-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 N 233-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiнiң, әскери қызметшілерінің қару мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай жағдайларда қолдануға құқығы бар:

1) күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi күзететiн үйлерге, ғимараттарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн;

3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiне, әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ осы орган күзет шараларын қамтамасыз ету үшiн тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;

4) азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi босату үшiн;

5) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiнде не тiкелей қылмыс жасағаннан кейiн үстiнен түскен, қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерiнiң қаруды, бұдан басқа, мынадай жағдайларда да қолдануға құқығы бар:

1) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндірсе және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінiң, әскери қызметшісінің талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;

2) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;

3) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін.

Күзетiлетiн адамдар тұрған жаққа қарай, сондай-ақ әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адамдар алған, әуе кемесiн қолға түсiрген жағдайлардан басқа кезде, сондай-ақ қару қолдану басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайда қару қолдануға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерi, әскери қызметшілері қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.

Адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, дене күші, арнайы құралдар, қару мен жауынгерлiк техника қолданылған әрбір жағдай туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурор хабардар етіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң жарағындағы  қару, жауынгерлiк техника және оқ-дәрi түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.07.04 № 335; 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 

5 тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет
қызметiнiң кадрлары


Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы