Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы
19-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалу кепiлдiктерi



Ст. 19 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы



Ескерту. 19-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 N 233-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерi қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде оны әкiмшiлiк ұстауға, сондай-ақ жеке қарап-тексеруге, оның өзiмен алып жүрген заттарын, пайдаланатын қызметтік көлiк құралдарын қарап-тексеруге жол берiлмейдi. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің, әскери қызметшісінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің, әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеліп, кейiннен залал келтірген адамнан толық көлемде өндiрiлiп алынады. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы