Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё
13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру және тоқтату

1. Уәкілетті органда есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығару немесе тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін. 

2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бiр немесе бiрнеше нөмiрiнiң шығарылуын, теле-, радиобағдарламалардың, теле-, радиоарналардың эфирге шығуын уақытша тоқтату, желілік басылымның қызметін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғанға дейін уақытша тоқтата тұру түсiнiледi.  

Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi. 

3. Қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерін көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, Интернетте авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады. 

4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады.  

5. Меншік иесінің не соттың шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда, уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.  

Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтату оны есепке қою туралы куәліктің күшін жоюға әкеп соғады .  

6. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, бұқаралық ақпарат құралын не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін шығару соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар, интернет-ресурстардың меншік иелері бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті. 

7. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, соттың бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы шешімінің заңды күшіне енуі домендік атты дәл сол немесе қайталанатын атаумен пайдалануға үш айдан аспайтын мерзімге тыйым салуға әкеп соғады. 

Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, соттың бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы шешімі домендік атты тіркеудің күшін жоюға және тіркелуі сот шешімімен жойылған домендік атты дәл сол немесе қайталайтын атаумен бір жыл ішінде пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.10 № 178-IV Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...11 12 13 13‑1 14 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться