Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё
14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату

Ст. 14 Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады. 

1-1. Бұқаралық ақпарат құралдарына бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін дайындау, жариялау, қайталап көрсету және тарату кезінде мынадай жағдайларда:  

1) егер осы адам ойын-сауық мәдени-бұқаралық, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, жиналыстарда, митингілерде, шерулерде немесе демонстрацияларда және өзге де бұқаралық іс-шараларда болса немесе оларға қатысса; 

2) егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі және осы адамның қызметтік жұмысымен және (немесе) жария қызметімен байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа;  

3) егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылатын болса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді. 

2. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын: 

1) стационарлық емес үй-жайларда; 

2) мөлдiр ораммен буып-түйiлмеген күйiнде; 

3) білім беру ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) үй-жайларында және аумақтарында; 

4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады. 

2-1. Субъектілер эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. 

3. Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады.  

Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады. 

3-1. Алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

3-2. Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруға тыйым салынады. 

3-3. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады. 

3-4. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, мыналар:  

1) құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала; 

2) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратуға тыйым салынады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының күші ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстарды жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.  

Осы тармақта белгіленген шектеулер осы Заңның 25-бабы 2-2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды. 

4. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттiк органдарды лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бiр бөлiгiн жоюға заңды күшіне енген шешімi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi.  

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.05.03 № 181, 2003.12.19 № 509, 2007.06.19 № 264, 2009.02.06 № 123-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 N 166-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...13 13‑1 14 15 16 ...26

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451