Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё

Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё
20-бап. Журналистiң құқықтары



Ст. 20 Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451



Журналистiң:

1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;

2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;

4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға;

5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;

6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;

7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;

8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;

9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;

10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451