Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё
24-бап. Қазақстан Республикасындағы шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қызметi



Ст. 24 Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451



1. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүргiзедi.

2. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел журналистерiнің және басқа да шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кәсiптiк қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Заңның нормаларын бұзатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуға сот тәртiбiмен тыйым салынады, ал интернет-ресурстар болып табылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін – Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұру көзделеді.

Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.05.03 № 181, 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 

7-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
заңдарды бұзу үшін жауапкершілік


Статья 1 ...22 23 24 25 26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451