Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы
13-бап. Халықты әлеуметтiк жағынан қолдау



Ст. 13 Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтi 1992 жылғы 18 желтоқсан N 1787-ХІІ



Осы Заңның 5 және 6-баптарында көрсетілген аумақтарда тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың зейнетақыға аймақтар бойынша мынадай мөлшерде үстемеақы алуға құқығы бар:

төтенше радиациялық қауіпті аймақ бойынша – 2,09 айлық есептік көрсеткіш;

ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша – 1,83 айлық есептік көрсеткіш.

5, 6, 7, 8, 9-баптарда аталған аумақтарда тұратын халық:

1) Мына аймақтар бойынша төмендегiдей қосымша еңбекақы алуға:

төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 2 айлық есептік көрсеткіш;

ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1,75 айлық есептік көрсеткіш;

жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1,5 айлық есептік көрсеткіш;

ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1,25 айлық есептік көрсеткіш;

жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша - 1 айлық есептік көрсеткіш алуға құқылы.

2) Алынып тасталды

3) Мына аймақтар бойынша төмендегiдей жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алуға:

төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 14 календарьлық күнi бар;

ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 12 календарьлық күнi бар;

жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 10 календарьлық күнi бар;

ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 7 календарьлық күнi бар;

жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша 5 календарьлық күнi бар демалыс алуға құқылы.

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді, ол заңды күшіне 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап енеді - ҚР 1997.06.19 N 134; 1999.11.16. N 480; 31.03.2014 N 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 18 желтоқсан N 1787-ХІІ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтi 1992 жылғы 18 желтоқсан N 1787-ХІІ