Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтi 1992 жылғы 18 желтоқсан N 1787-ХІІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы
14-бап. Әйелдерге, балаларға және жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына берілетін қосымша жеңілдіктер мен өтемдер

Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдердің жүктілікке және босануға байланысты ұзақтығы:

қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн (қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда – күнтізбелік тоқсан үш күн);

жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда – босанғаннан кейін күнтізбелік тоқсан үш күн;

жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және өлі шарана туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол өмірінің жетінші тәулігіне дейін шетінеп кеткен жағдайда – босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн демалысқа құқығы бар.

Ядролық сынақтар әсерінен зардап шеккен аумақтарда тұратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің санаторий-сауықтыру мекемелерінде тегін сауығуға (медициналық көрсеткіштер бойынша) құқығы бар.

Сырқат баланы күту жөніндегі жұмысқа жарамсыздық парағына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ата-ананың біреуіне немесе олардың орнындағы адамдарға, жұмыс стажына қарамастан, бүкіл сырқаттанған кезеңге ақы төленеді.

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда және өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.17 N 323 (1999.01.01 бастап күшіне енеді), 1999.07.04 N 374; 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...21

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться