Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы
4-бап. Ядролық сынақ жүргiзген кезде радиоактивтi шөгiндiлердiң әсерiне ұшыраған аумақты түр-түрге бөлу



Ст. 4 Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтi 1992 жылғы 18 желтоқсан N 1787-ХІІ



Сәулеленудiң әсерлi эквиваленттi мөлшерi бүкiл сынақ кезеңiнде халық үшiн 0,1 бірден асатын аумақ ластанған деп есептеледi.

Залалданған аумақтар әсерлi эквиваленттi мөлшерiнiң шамасына қарай:

- төтенше радиациялық қауiптi аймақ;

- ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ;

- жоғары радиациялық қауiптi аймақ;

- ең төмен радиациялық қауiптi аймақ;

- жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ деп бөлiнедi.

Аумақтағы шаруашылық қызмет түрлерiн және оны ұйымдастыру тәртiбiн, табиғат пайдалану көлемiн және экологиялық оңалтуды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. K030442, K070212

Экологиялық апат аймақтарының шекаралары және оларға кiретiн аудандардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен осы Заңға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертіледі.

 Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 18 желтоқсан N 1787-ХІІ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтi 1992 жылғы 18 желтоқсан N 1787-ХІІ