Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы

Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы
10-бап. Жеке күзет ұйымының құқықтық мәртебесi



Ст. 10 Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII



1. Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметi ретiнде күзет қызметтерiн көрсететiн коммерциялық ұйым жеке күзет ұйымы болып табылады. Жеке күзет ұйымының, хабарлама жасау тәртібінің шарттарын сақтаған жағдайда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.

2. Жеке күзет ұйымы заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, жарғының және күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның негiзiнде күзет қызметiн жүзеге асырады.

3. Жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерiнде күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы талап етiлмейдi.

4. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне Қазақстан Республикасының 19 жасқа толған және күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсынан) өткен азаматтары қабылдана алады.

5. Алып тасталды - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне:

1) жүйке ауруы, маскүнемдiгi немесе нашақорлығы себептi денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын;

2) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар;

 3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

 3-1) күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

4) жеке меншiкке, мемлекеттiк билiк институттарына, белгiленген басқару тәртiбiне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын, күзет ұйымының басшысы немесе күзетшiсі болып жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;

5) мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған;

6) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған адамдарды қабылдауға болмайды.

7. Жеке күзет ұйымының басшысы үшiн оның жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы мiндеттi талап болып табылады.

8. Жекеше күзет ұйымы күзетшiнi ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның жеке басын және жекеше күзет ұйымының күзетшiсi екендiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатпен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жекеше күзет ұйымы күзетшiсi құжатының нысаны мен үлгiсiн уәкілетті орган айқындайды.

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.02.22 № 297, 2008.07.04 № 53-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 2 ...8 9 10 10-1 11 ...23 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII