Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы
15-2-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар



Ст. 15-2 Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII



1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар:

1) заңды тұлға маманының жұмыс саласына сай келетін жоғары немесе орта техникалық білімінің;

2) күзет дабылы құралдарын баптауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйін тексеруді жүзеге асыру үшін жабдығы бар үй-жайлардың (немесе оларды жалға алу шартының) болуын көздейді.

2. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қойылатын талаптар:

1) жұмыс саласына сай келетін жоғары немесе орта техникалық білімінің;

2) күзет дабылы құралдарын баптауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйін тескеруді жүзеге асыру үшін жабдығы бар үй-жайлардың (немесе оларды жалға алу шартының) болуын көздейді.

 3. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың басшылары, жұмыскерлері, жеке тұлғалар психикалық ауруына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмайтын, заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы жоқ не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.

 Ескерту. 3-тарау 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 2 ...15 15-1 15-2 17 17-1 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-2-бап Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII