Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы
15-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру тәртiбi



Ст. 15 Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII



1. Күзет қызметтерiн көрсету шарт (күзет қызметiн көрсету жөнiндегi шарт) негiзiнде жүзеге асырылады. Күзет қызметтерiн көрсету шартын жасасу, орындау, тоқтату тәртiбi, шарт бойынша тараптардың жауапкершiлiгi азаматтық заңдарға сәйкес, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып анықталады.

2. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.

3. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру тәртiбiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

4. Жеке күзет ұйымдарында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер күзет қызметiн өздерiнiң күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін бiлдiретiн арнаулы киiм киіп жүзеге асырады.

Арнаулы киім үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау жөніндегі қызметтер көрсету күзет қызметі субъектісіне тиесілілігін білдіретін арнаулы киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.

  Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.04 № 53-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 № 372-IV (Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 2 ...13-1 14 15 15-1 15-2 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII