Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама



Ст. 13 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39



1. Адамның мүгедектiгi мен еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуi жолымен жүзеге асырылады.   

2. Медициналық-әлеуметтiк сараптама халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiби және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде организмнiң жай-күйiн кешендi бағалауға сүйенiп жүзеге асырылады. 

2-1. Қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады. 

2-2. Тұрмыс-тіршілік санаттарының біреуінің (өзіне өзі қызмет көрсетуге, жүріп-тұруға, еңбек қызметіне (еңбекке қабілеттілікке), оқып үйренуге, бағдарлай білуге, қарым-қатынас жасауға, өзінің жүріс-тұрысын бақылауға, ойын қызметіне және танымдық қызметке, қозғалыс белсенділігіне қабілеті) шектелуіне әкеп соқтыратын, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындылары бойынша мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді. 

3. Адамды мүгедек деп тану және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiн белгiлеу кезінде әлеуметтік қорғаудың себептерi, мерзiмдерi, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттiлiктерi айқындалады, сондай-ақ мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктері әзiрленедi.

4. Мүгедектiк тобы он алты жастан бастап белгiленедi.

 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39