Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39


Утратил силу

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
20-бап. Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту

1. Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту: 

1) қалпына келтіру терапиясын (дәрі-дәрмекпен, физикалық, санаторий-курорттық емдеуді және организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған басқа да емдеу әдістерін); 

2) қайта жасау хирургиясын; 

3) протездік-ортопедиялық көмекті қамтиды. 

2. Медициналық оңалту жөніндегі іс-шараларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді. 

2-1. Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін, оңалтудың түрлері мен жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, оңалту іс-шараларының жоспарын көздейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен медициналық ұйымдар жағдайларында көрсетіледі. 

3. Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 

Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуіне құқығы бар. 

4. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторий-курорттық емделуге жолдама осы баптың 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің есебінен беріледі. 

4-1. Жұмыс берушіге қатысты соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторий-курорттық емделу осы баптың 3-тармағына сәйкес беріледі. 

5. Жұмыс беруші - жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторий-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес жұмыс берушінің есебінен беріледі. 

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 12.10.2021 № 67-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться