Ст. 21 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
21-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту
1. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту:
1) мүгедектердi жеке басы гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік дағдыларына үйретудi;
2) мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi;
3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға үйде арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
4) жүріп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтер көрсетуін қамтиды.
Жүріп-тұруы қиын, бала кезінен бірінші топтағы мүгедек үшін, оған күтімді жүзеге асыратын адамға "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабында көзделген тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі ұсынылмайды;
4-1) есту кемістігі бар мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi маманының әлеуметтік қызметтер көрсетуін жылына алпыс сағатқа ұсынуды;
5) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсетудi;
7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк оңалтудың өзге де түрлерiн қамтиды.
2. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалтуды: медициналық-әлеуметтiк мекемелер (ұйымдар), әлеуметтiк көмекті үйде көрсететiн бөлiмшелер, арнаулы бiлiм беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi), денсаулық сақтау ұйымдары және басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 165-VІ (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Добавить комментарий к 21-бап Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39