Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 24 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39


Утратил силу

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
24-бап. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну

1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж, бірінші және екінші топтардағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамдарға, психоневрологиялық науқастар қатарындағы бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну мүгедектігі бар адамдардың жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейінделген қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) жүзеге асырылады және тұрмыс-тіршілік жағдайларын жасауды, күтіммен қамтамасыз етуді, медициналық қызмет көрсетуді, оңалтуды, әлеуметтік-еңбектік бейімдеуді, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыруды қамтиды. 

2. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көлемі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес ұсынылады. 

3. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де материалдық және қаржылық түсімдер есебінен жүзеге асырылады. 

4. Мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну, құрылтайшылардың қаражатын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться