Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Арнайы экономикалық аймақтар туралы
10-бап. Өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру және оны арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне қосу үшін беретін құжаттар



Ст. 10 Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV



1. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының қызметі қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Өтінімге қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштегі мынадай құжаттар:

1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі;

5) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

6) заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;

7) өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы есептік күнге қаржылық есептіліктің көшірмесі;

8) жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі;

9) қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы (картотеканың болмауы туралы) үзінді жазбасы және кредиттiк тарихта бар толық немесе iшiнара ақпарат туралы мәліметтер қамтылған кредиттік бюродан алынатын кредиттік есеп;

10) тіркеу есебіне қою орны бойынша мемлекеттік кіріс органынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

11) өтініш берушінің қаржылық қамтылымының болуын растайтын құжаттар қоса беріледі.

Егер заңды тұлға құжаттарды берген кезде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.

Шетелдік заңды тұлғалар осы тармақтың 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген заңдастырылған құжаттарды, сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндiні немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бірге ұсынады.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушылары ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін шетелдік заңды тұлғаларға осы баптың 2-тармағының 7), 8) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талап қолданылмайды.

 Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.01.2012 N 538-IV (01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.12.2012 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 18.02.2013 № 79-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 11-1 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV