Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Арнайы экономикалық аймақтар туралы
11-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға берілген өтінімді қарау рәсімі



Ст. 11 Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV




1. Өтініш беруші өтінім берген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы:

1) өтінімді ол берілген күні өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді;

2) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;

3) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 362-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 1-1. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінімді жобаларды іріктеу тәртібі мен өлшемшарттарына сәйкес қарайды.

 2. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мәлімделген қызмет түрі қызметтің басым түрлеріне, өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар осы Заңның 10-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, өтініш берушіге қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.

 3. Мәлімделген қызмет түрі қызметтің басым түрлеріне және өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш берушіге қатысты бұл мерзім бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

4. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған күні қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлайды.

Арнайы экономикалық аймақтың басқару органынан қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалғаны туралы хабарлама алғаннан кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы туралы мәліметтерді енгізеді және бұл жөнінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органын хабардар етеді. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне тиісті жазба енгізілген күннен бастап өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы деп танылады.

5. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасқаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік кіріс органдарына хабарлайды.

6. Мемлекеттік кіріс органдары арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасқаны туралы хабарламасын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын есепке алуды жүзеге асырады.

7. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шарттың негізінде арнайы экономикалық аймақтан тысқары жердегі өзінің дараланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тоқтатады.

Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жердегі қызметке жол беріледі.

8. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылуы:

1) арнайы экономикалық аймақ таратылған;

2) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі аяқталған немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған;

3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мемлекеттік кіріс органдарын қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті жүзеге асыру туралы шарт қолданысының тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

 Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 362-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...9 10 11 11-1 12 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV