Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Арнайы экономикалық аймақтар туралы
14-бап. Тұлғаларға қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға рұқсат берудің негізі мен рәсімі



Ст. 14 Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV



1. Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат беруге арналған өтінім келіп түскен кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы:

1) ұсынылған құжаттардың уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді;

2) өтінімдерді тіркеу журналына өтінімді тіркейді. Өтінімнің тіркелген күні оның берілген күні болып табылады.

2. Ұсынылған құжаттар уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкес келген жағдайда, өтінімді берген тұлғаға арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілген болып есептеледі.

Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінім тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім берген адамға, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ әрекет ету аймағында орналасқан мемлекеттік кіріс органына осы адамға арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілгені туралы хабарлайды.

3. Ұсынылған құжаттар уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкес келмеген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінім тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімді қайтарады. Өтінімді қайтару тұлғаны жіберілген кемшіліктерді жойғаннан кейін басқарушы компанияға қайтадан өтініммен жүгіну құқығынан айырмайды.

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 362-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV