Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Арнайы экономикалық аймақтар туралы

Арнайы экономикалық аймақтар туралы
16-бап. Арнайы экономикалық аймақты тарату



Ст. 16 Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV




1. Арнайы экономикалық аймақ осы арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзім өткен соң таратылады. Арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы тиісті актісінде айқындалады.

2. Нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі жағдайында Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы экономикалық аймақты мерзімінен бұрын таратады.

3. Арнайы экономикалық аймақ таратылғаннан кейін жер учаскесін жалға алған арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының және арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асырған тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы жер учаскелерінің сатылуы кезінде сатып алу құқығы болады.

Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV