Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Арнайы экономикалық аймақтар туралы

Арнайы экономикалық аймақтар туралы
22-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру



Ст. 22 Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV



1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын арнайы экономикалық аймақтың басқару органын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Басқарушы компанияның қызметін қаржыландыру:

1) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына басқарушы компания көрсететін қызмет үшін сыйақы;

2) нысаналы қарыздық қаржыландыру;

3) инфрақұрылым объектілерін, жер учаскелерін, сондай-ақ өзге де мүлікті жалға және (немесе) қосалқы жалға беруден түсетін кірістер;

3-1) жарғылық капитал ретінде енгізілген қаражаттар;

4) басқарушы компанияның қызметінен түсетін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.

3. Дербес кластерлік қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV