Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Арнайы экономикалық аймақтар туралы

Арнайы экономикалық аймақтар туралы
23-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын тарату



Ст. 23 Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV



1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан немесе мерзімінен бұрын тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес таратылады (қайта ұйымдастырылады).

2. Арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан немесе арнайы экономикалық аймақты мерзімінен бұрын тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін басқарушы компанияны ерікті түрде тарату туралы шешімді акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды, ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кредиторлардың келісімі бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін айқындайды.

Басқарушы компанияның акционерлері ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдамаған жағдайда басқарушы компанияны тарату мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады.

Акционерлік қоғамды мәжбүрлеп тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 
5-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТТАРЫ

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV