Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 27 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
27-бап. Арнаулы атақтарды беру тәртібі

1. Арнаулы атақтар қызметкерлерге дербес беріледі. Арнаулы атақ алғашқы немесе кезекті болуы мүмкін. 

2. Қызметкерлерге арнаулы атақтарды: 

1) жоғары офицерлік құрамға – арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті; 

2) полковникті – арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы; 

3) өзге арнаулы атақтарды – лауазымдар номенклатурасына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындаған лауазымды адамдар береді. 

3. Алғашқы арнаулы атақтар болып: 

1) офицерлік құрам үшін – лейтенант; 

2) сержанттар құрамы үшін – кіші сержант; 

3) қатардағы құрам үшін – қатардағы қызметкер саналады. 

4. "Лейтенант" арнаулы атағы: 

1) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнын немесе арнаулы мемлекеттік органдардың жіберуі бойынша шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген немесе оқу мерзімі кемінде алты ай болатын қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған қызметкерге; 

2) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, тиісті мамандығына ұқсас жоғары кəсіптік білімі бар жəне штатпен офицерлік құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген қызметкерге тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі. 

5. Офицерлік құрамның алғашқы арнаулы атағын қызметкер қызмет өткеріп жүрген арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы береді. 

6. "Кіші сержант" арнаулы атағы "кіші сержант" және одан жоғары арнаулы атағы көзделген лауазымға тағайындалатын қызметкерге беріледі. Сержанттар құрамының кейінгі арнаулы атақтары қажетті дайындық деңгейі бар және тиісті лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, бірақ кемінде он екі айдан кейін беріледі. 

7. "Кіші сержант" арнаулы атағы əскери атағы жоқ, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматқа штатпен сержанттық құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген кезде, тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі. 

8. "Қатардағы қызметкер" арнаулы атағы арнаулы атағы жоқ азаматтарға: 

1) қатардағы құрам лауазымына келісімшарт бойынша қызметке тұрған кезде; 

2) әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілген кезде беріледі. 

9. Запастан қабылданған не Қарулы Күштерден, басқа әскерлерден және әскери құралымдардан ауыстыру тәртібімен қабылданған азаматқа қайта аттестаттау тәртібімен өзінде бар әскери атақтан төмен емес арнаулы атақ беріледі. 

Бұрын арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген, запастан қабылданған не басқа арнаулы мемлекеттік органдардан ауыстыру тәртібімен қабылданған және арнаулы атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы бар адамдарға қайта аттестаттау тәртібімен арнаулы атақ беріледі. Қайта аттестаттауды өткізу және арнаулы атақ беру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды. 

Арнаулы мемлекеттік органға тағайындалған адамның өзінде бар жоғары басшы немесе офицерлік құрамның арнаулы, әскери атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы осы Заңның 26-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, ол қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежедегі арнаулы атаққа сәйкес келеді деп танылады. 

Бұрынғы арнаулы, әскери атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында сіңірген еңбегі кезекті арнаулы атақ беру үшін еңбек сіңіру мерзіміне есептеледі. 

Бір арнаулы мемлекеттік орган ішінде қызмет бабымен ауыстырылған қызметкерлер және әскери қызметшілер қайта аттестаттауға жатпайды. 

9-1. Бұрын мемлекеттік саяси лауазымдарды атқарған және арнаулы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары бірінші басшыларының орынбасарынан төмен емес лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, осы Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның талаптары қолданылмай, атқаратын лауазымы үшін штатта көзделген арнаулы атақ беріледі. 

10. Кезекті арнаулы атақ қызметкерге, егер ол тең немесе одан жоғары арнаулы атақ көзделген штаттық лауазымды атқарып отырса немесе осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес штаттық емес лауазымда қызмет өткеріп жүрсе, алдыңғы арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі өткеннен кейін беріледі. 

11. Қызметкерде алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде ол кезекті арнаулы атағын алуға ұсыныла алмайды. 

12. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

13. Арнаулы атақтарда еңбек сіңіру мерзімі арнаулы атақ берілген күннен бастап есептеледі. 

14. Сержанттар құрамының лауазымына тағайындау кезінде тиісті даярлықтан өткен қызметкерге арнаулы атақ берілуі мүмкін. 

15. Кезекті арнаулы атақ ағымдағы арнаулы атақта еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін және берілетін атақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің әскери, арнаулы оқу орнында, білім беру ұйымында білім алып жатқан қызметкердің оқуға түсу алдында атқарған лауазымы бойынша арнаулы атағына сәйкес болған кезде беріледі. 

16. Қызметтік борышын үлгілі орындайтын, қызмет атқару немесе өзге де қызмет міндеттерін атқару кезінде жоғары кәсіби шеберлік пен ынта-жігер танытқан қызметкерлерге кезекті арнаулы атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін, бірақ атқарып отырған лауазымдар бойынша көзделген әскери атақтан жоғары болмайды. 

Мерзімінен бұрын арнаулы атақ арнаулы атақта белгіленген еңбек сіңіру мерзімінің кемінде жартысы өткеннен кейін, бірақ тиісінше кіші және аға офицерлік құрамның әскери атақтарында қызмет өткерген кезеңінде бір реттен артық берілмейді. 

17. Қызметтік, жауынгерлік даярлықта, қызметтік тәртіпті нығайтуда, күрделі техниканы меңгеруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген немесе арнаулы мемлекеттік органның міндеттерін орындаумен байланысты тапсырылған учаскедегі міндеттерді үлгілі орындайтын қызметкерге подполковникке дейін, ал ғылыми дәрежесі бар ғылыми-педагогикалық құрамның офицерлеріне полковникті қоса алғанда – атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір сатыға жоғары кезекті арнаулы атақ берілуі мүмкін. 

Атқарып жүрген лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір сатыға жоғары кезекті арнаулы атақ қызмет кезеңінде бір реттен артық берілмейді және арнаулы атағында кемінде екі белгіленген еңбек сіңіру мерзімі өткеннен кейін беріледі. 

18. Алып тастаолды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19. Офицерлік немесе сержанттық құрамның арнаулы атағынан айырылған азаматқа (әскери міндеттіге) қатардағы құрамның әскери есебіне бір мезгілде ауыстыра отырып, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті әскери басқару органының бастығы "қатардағы қызметкер" әскери атағын береді. 

Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...25 26 27 27‑1 28 ...86

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться