Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 36 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
36-бап. Қызметкерлерді мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберу

1. Қызметкерлер мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу үшін және заңдарда көзделген өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ ұйымдарына, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, олардың бірінші басшыларының келісімімен, не халықаралық шарттар негізінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін. 

Іссапарға барған қызметкердің өзі іссапарға барған мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуы осы Заңда айқындалған тәртіппен конкурстық іріктеуден тыс жүзеге асырылады. 

Бұл ретте іссапарға жіберілген адамның мәртебесі сақталады, ал бұдан бұрын жасалған келісімшарттың қолданысы тоқтатылмайды. 

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлермен жаңа келісімшарттар жасасу осы Заңға сәйкес жүргізіледі. 

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге арнаулы атақтар беру, оларды мемлекеттік наградалармен наградтау осы Заңда көзделген тәртіппен жүргізіледі. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерді лауазымға тағайындау немесе қызметтен шығару ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы, ұйымдарындағы және халықаралық ұйымдардағы лауазымдардан босатылғаннан (қызметтен шығарылғаннан) және қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органға қайтып оралған соң, осы Заңда көзделген тәртіппен жүргізіледі. 

4. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген лауазымдық айлықақылар және арнаулы атақ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлықақылар төленеді. 

5. Iссапарға жiберiлген қызметкерлерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету олар іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ ұйымдарының жұмыскерлерi үшiн айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады. 

Iссапарға жiберiлген қызметкерлерге лауазымдық айлықақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, сыйлықақылар, материалдық көмек төлеу олар iссапарға жiберiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, сондай-ақ ұйымдарын ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi. Өзге де төлемдер, сондай-ақ арнаулы киім нысанымен қамтамасыз ету қызметкерлерді iссапарға жiберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi. 

6. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге, егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, халықаралық ұйымдар жұмыскерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген жалақы оларды ұстауға көзделген қаражат есебінен, сондай-ақ арнаулы атақ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлықақы қызметкерлерді iссапарға жiберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен төленеді. 

7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберу кезеңінде қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтар, кепілдіктер, жеңілдіктер, өтемақылар, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау сақталады. 

Іссапарға жіберілген қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.  

Бiржолғы сипаттағы төлемдер бойынша қызметкер iссапарға жiберілгенге дейiн атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады. 

8. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері осы Заңның 36-1-бабында айқындалады. 

Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...34 35 36 36‑1 37 ...86

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться