Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 80 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
80-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда берілетін өтемақылар

1. Қызметкер қызмет өткеру кезеңінде немесе қызмет өткерген кезеңде алған жарақаты (контузиясы), ауруы салдарынан қызметтен шығарылғаннан кейін қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның мұрагерлеріне қаза тапқан күні немесе қызметтен шығарылған күні соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай жабдықталым мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі. 

2. Қызметкер қызмет өткеру кезеңінде немесе қызмет өткерумен байланысты контузия, мертігу, ауыру салдарынан қызметтен шыққаннан кейін бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген жағдайда біржолғы өтемақы: 

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық ақшалай қаражат; 

екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегіз айлық ақшалай қаражат; 

үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға – алты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде төленеді. 

3. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектікке әкеп соқпайтындай ауыр мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) жағдайда оған бір жарым айлық ақшалай қаражат; жеңіл мертіккен жағдайда жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді. 

4. Біржолғы өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

4-1. Арнаулы мемлекеттік органдардан қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша шығарылған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады. 

5. Қызметкердің қаза табуы (қайтыс болуы) немесе алған мертігуі: 

1) өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізген жағдайды қоспағанда, өзіне-өзі қол жұмсауы нәтижесінде; 

2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде; 

3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң болуын туындататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) қолдану нәтижесінде; 

4) біржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзіне қасақана қандай да бір дене зақымын келтіру (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсаулығына өзгедей зиян келтіру нәтижесінде; 

5) қызметкердің келісімшарт талаптарын бұзған әрекеттері нәтижесінде болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді. 

Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
81-бап. Жерлеу шығындарының өтемақысы 

1. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған қызметкерлерді жерлеу қызмет өткерген жерінде немесе олардың туған-туысқандарының қалауы бойынша басқа жерде жүргізіледі. Мәйiттi тасымалдауға дайындауға, мәйiттi тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты барлық шығыстар қызметкерлер қызмет өткерген арнаулы мемлекеттік органдардың қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерлерде жүзеге асырылады. 

Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйiттi тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды. 

Қызметкерлерді жерлеу кезінде құрмет көрсету арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 

2. Көрсетілген ережелер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметінің жалпы ұзақтығына қарамастан, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына және бітімгершілік операцияларға қатысушыларға қолданылады. 

Осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің ережесі қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін, денсаулық жағдайына байланысты немесе штаттардың қысқартылуына байланысты қызметтен шығарылған, қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес жыл немесе одан да көп болатын адамдарға, сондай-ақ қызметінің жалпы ұзақтығына қарамастан, терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларға қолданылады. 

Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...78 79 80 81 82 ...86

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться