Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
9-бап. Келісімшарт

Ескерту. 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 15.04.2022 № 114-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

1. Келісімшартты Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті басшымен жасасады. 

2. Келісімшарт ерікті түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екі тараптың арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын: 

1) мерзімінің аяқталуы бойынша; 

2) қызметкердің мерзімінен бұрын қызметтен шығарылуына байланысты; 

3) қызметкер басқа келісімшартты жасасқан күннен бастап; 

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады. 

3. Келісімшартта азаматтың қызметке тұруының еріктілігі, азаматтың қызметті өткеруге міндеттенетін мерзімі мен келісімшарттың басқа да талаптары бекітіледі. 

4. Келісімшарттың талаптары азаматтың келісімшартта белгіленген мерзім ішінде арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру міндетін қамтиды. Келісімшарттың талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепілдіктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, оның құқықтарының сақталуын көздейтін нормалар қамтылады. 

5. Лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған қызметкерлер келісімшарт жасаспастан тиісті лауазымдағы қызметті өткереді. 

Аталған қызметкерлер лауазымынан босатылғаннан кейін қызмет өткеру туралы жаңа келісімшарт жасасады немесе қызметтен шығарылады. 

6. Келісімшарттың нысаны, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібі осы Заңмен және арнаулы мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады. 

7. Қызметті өткеру туралы келісімшарт: 

1) үш жылға; 

2) бес жылға; 

3) он жылға; 

4) қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін; 

5) курсанттар, тыңдаушылар үшін – әскери, арнаулы оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейін күнтізбелік есептеумен он жыл қызметке; 

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер үшін – әскери, арнаулы оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейін күнтізбелік есептеумен бес жыл қызметке жасалуы мүмкін. 

Қызметкер жүктілікке жəне баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болған уақытта қолданыстағы келісімшарттың мерзімі өткен жағдайда, қызметкер демалыстан шыққаннан кейін екі ай ішінде осы Заңда айқындалатын тəртіппен жаңа келісімшарт жасасады немесе қызметтен шығарылады. 

Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...86

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться