Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы
6-бап. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер



Ст. 6 Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV



1. Адам (отбасы) мынадай:  

1) жетімдік;  

2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;  

3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;  

3-1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы; 

4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;  

5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;  

6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;  

7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;  

8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;  

9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);  

10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау; 

11) пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін. 

2. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып айқындайды. 

Жасалған әрекеттерге қатысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік таныту нысандары болып табылады. 

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ


Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV